$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:19
Қоғам

Қазақстанда баласы түнде қатты жылаған ата-ана айыппұл төлей ме

Абай облысының полициясы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстанда баласы түнде қатты жылаған ата-ана айыппұл төлей ме
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Әлеуметтік желілерде «түнде баласы қатты жылаған ата-анаға айыппұл салынады» деген ақпарат тараған соң, Абай облысының полициясы ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлеуметтік желіде тыныштықты бұзған адамға қатысты жауапкершілік жөніндегі заң нормасына байланысты түсіндірме қате таралған. ӘҚБтК-нің 437-бабында көзделген құқық бұзу фактіге тұрғын үйде немесе оның сыртында сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін шұғыл қажеттілікке жатпайтын, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шулы әрекет жасаты. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тек жеке немесе заңды тұлғаның арызы негізінде ғана тексеру жүргізеді», - деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.

Полиция әрбір хабарламаны жеке қарап, құқық бұзушылықтың объективті және субъективті жақтары анықталғаннан кейін ғана шара қолданатынына сендіріп отыр. 

Серіктес жаңалықтары