$ 549.15  643.88  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2025, 12:10
Қоғам

Қазақстан азаматы 14 жасқа толмаған баласы бар ер адамдардың құқығы үшін күреспек

Ол Конституциялық сотқа арыз түсірген

Қазақстан азаматы 14 жасқа толмаған баласы бар ер адамдардың құқығы үшін күреспек
Фото: Конституциялық сот

Қазақстанда ерекше жағдайларда 14 жасқа толмаған баласы бар әйелдер әкімшілік қамауға алынбайды. Бұған көңілі толмаған азамат Конституциялық соттан осы баптың Ата Заңға сәйкестігін тексеруді сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Конституциялық Сот алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 50-бабы, екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау жөніндегі азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Аталған нормаға сәйкес, әкімшілік норманы бұзған адамдар - отыз тәулікке дейін, ал төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимінің талаптарын бұзған адам қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.  

«Өтініш берушінің пікірінше, он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ғана әкімшілік қамаққа алуды қолдануға тыйым салатын даулы норма Конституцияның 14-бабына қайшы келеді, өйткені бұл гендерлік белгі бойынша кемсітушілікке әкеледі және он төрт жасқа дейінгі балалары бар ерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзады», - деп хабарлайды Конституциялық сот.

Конституциялық сот тексерістің қорытындысын өз сайтында жариялайды.

Серіктес жаңалықтары