$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2020, 12:16
Қоғам

Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге қарызы 13 млрд теңгеге жетті

Ең көп қарыз алматылықтардың мойнында

Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге қарызы 13 млрд теңгеге жетті
Көрнекі фотосурет

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қазақстандықтардың коммуналдық төлемдер қарызының былтырмен салыстырғанда биыл өскенін және 13 млрд теңгені құрағанын мәлімдеді.

«Жеке және заңды тұлғалардың коммуналды қызмет көрсетушілердің алдындағы дебиторлық қарызы 13 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 780 млн теңгеге артты», - деді ол Үкіметтің отырысында.

Министрдің сөзінше, қарыздың ең көп бөлігі алматылықтардың еншісінде – 2,2 млрд теңге. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Шымкент тұрғындарының қарызы шамалас – 1,9 млрд теңгеден. Маңғыстау облысының қарызы – 1,5 млрд теңге.

Премьер-министр Асқар Мамин жылыту маусымы басталғанға дейін ТКШ нысандарын, оның ішінде үйлер мен денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттарын түгелдей дайындауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары