$ 549.15  643.88  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2025, 17:45
Қоғам

Шу соты экс-әйеліне ай сайын ақша жіберіп отырған ер адамды ақтап шықты

Оның бұрынғы әйелі алимент өндіріп алу үшін сотқа жүгінген екен

Шу соты экс-әйеліне ай сайын ақша жіберіп отырған ер адамды ақтап шықты
Фото: istockphoto.com

Шу аудандық соты ажырасқан, алайда ортақ балалары бар бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы істі қарап, ер адамды ақтап шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйел адам бұрынғы күйеуін сот актісін орындамай жүр деп айыптаған. Яғни, ол балаларын асырау үшін алимент төлемеді деген.

«Алайда сот отырысында ұсынылған құжаттар мен түбіртектерге сәйкес азамат ай сайын бұрынғы жұбайының пайдасына ақша төлейтіні анықталды. Дәлірек айтсақ, 2024 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін үнемі ақша жіберіп отырғаны дәлелденді. Бұл төлемдер «алимент үшін» деп аталды және тиісті түбіртектермен расталады. Осылайша, сот ол сот актісін орындаудан жалтарған жоқ деген қорытындыға келді», - деп хабарлайды Қызылорда соттары.

Осы мән-жайларды ескерген сот кінәсіздік презумпциясы принципін алға тарта отырып, азаматты ақпат шыққан. Оған қатысты әкімшілік іс тоқтады.

Серіктес жаңалықтары