$ 539.54  637.09  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:10
Қоғам

«Айыппұл келді деген сілтемені ашпаңыз»: Бас прокуратура көлік иелеріне маңызды ақпарат таратты

Қазір әлем бойынша жалған қаулылар арқылы ақша тоналып жатыр

«Айыппұл келді деген сілтемені ашпаңыз»: Бас прокуратура көлік иелеріне маңызды ақпарат таратты
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанның Бас прокуратурасы кибералаяқтықтың алдын алу үшін көлік иелеріне ескерту жасап, ақпарат таратқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, қазір әлемде, әсіресе Ресей мен АҚШ-та көлігі бар азаматтардың электронды поштасы немесе жеке месседжеріне айыппұл туралы хаттама жіберіп, банк картасынан ақша ұрлайтын алаяқтар көбейген. Бас прокуратура бұндағы ең басты қауіп сол хаттың ішіндегі сілтеме дейді.

«Хаттың ішіне сілтеме қойып, айыппұлды сол арқылы төлей алайсыздар дейді. Шын мәнінде, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткізген олар ақшаңызды түгел шешіп ала алады. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирус та болады», - деп түсіндірді Бас прокуратура.

Айта кетейік, Қазақстанда әкімшілік айыппұл туралы ресми ақпарат тек 1414 қысқа нөмірінен келеді және ондай хаттарда ешқашан сілтеме болмайды. Бұдан өзге азаматтар айыппұл туралы ақпаратты бірқатар банк қосымшасынан тез тексеріп, сол қосымша арқылы төлей алады.

Серіктес жаңалықтары