15.09.2025, 11:45
Қоғам
«Ең арзаны – Майкөбе»: Астана әкімдігі көмір бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Әкімдік көмір сатылатын орындардың мекен-жайын хабарлады
Фото: freepik.com
Астана әкімдігі тұрғындар үшін көмір сатылатын орындар мен оның бағасы туралы ресми ақпарат таратты: қаладағы 17 қоймада Шұбаркөл, Қаражыра және Майкөбе кен орындарының көмірлері сатылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, биыл қалада 17 көмір қоймасы ашылып, 14 нүкте көмір сатады. Ал көмірдің орташа бағасы мынадай:
- Шұбаркөл – 18 000 теңге/тонна;
- Қаражыра – 18 500 теңге/тонна;
- Майкөбе – 15 500 теңге/тонна.
«Көмір сататын жерлерде 8 көмір жеткізуші компания қызмет көрсетеді. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен көшесі, 6/2, Көктал, 28/2, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев көшесі, 76, Ахмет Жұбанов көшесі, 35, Дулатов көшесі, 182/1, 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А, Герцен көшесі, 6Б», - деп хабарлайды әкімдік.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды