Петропавлда 250 мың теңгеге көзілдірік сатып алған қыз сатушыдан ақшасын қайтарып алды
Көзілдірікті таққан кезде қыздың басы айналып, жағдайы нашарлаған

Петропавл қаласының тұрғыны 250 мың теңгеге сатып алған көзілдірігінің сапасыз екенін түсінген соң оны қайтарып берген: оны таққан кезде қыздың басы айналып, көзі одан сайын көрмей қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, комитетке жүгінген қыз сатып алған көзілдірігін қайтарғысы келген.
«Ол Петропавл қаласындағы бір оптикадан құны 250 000 теңгелік көзілдірікке тапсырыс берген. Алайда тапсырысты алғаннан кейін тауардың талапқа сай емес екенін анықтаған: линза сапасыз болған, оны таққан кезде қыздың басы айналып, көру қабілеті нашарлаған», - деп хабарлайды комитет.
Қыз бала заңға сай көзілдірікті қайтарып бергісі келген. Оның шағымын қараған департамент мамандары көзілдірікті сатқан сатушыдан 250 мың теңгесін қайтарып берген.