$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2025, 10:25
Қоғам

Жолдауда жастардың бастамаларына деген айқын сенім көрініс тапты - Ақерке Искандерова

«Жастар рухы» қанатының жастары президенттің Жолдауын мұқият тыңдаған

Жолдауда жастардың бастамаларына деген айқын сенім көрініс тапты - Ақерке Искандерова
Фото: «Жастар рухы» жастар қанаты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауына орай «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол әрбір Жолдаудың астарында нақты жұмыстар мен жауапкершілік жатқанын атап өтті.

«Жыл сайынғы Жолдауды біз жаңа саяси кезеңге жоспарлар мен бағыттар бекітуде үлкен қадам деп қабылдаймыз. Бүгінгі Жолдау азаматтардың игілігі мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады», – деді жастар қанатының жетекшісі.

Ақерке Искандерованың айтуынша, Жолдаудың негізгі тұстарының бірі – жасанды интеллект пен цифрландыруды мемлекеттік басқару мен қоғам өміріне енгізу. Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтардың қаржылық сауаттылығына ерекше мән бергенін атап өтті.

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы осы бағытта нақты нәтижесін көрсетіп отыр. Жоба аясында 845 мың адам қаржылық білімін жетілдіріп, заңгерлік көмек алды. Бұл халықтың қарызын азайтумен қатар, табыстың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деді ол.

Сонымен қатар, Искандерова «AMANAT» партиясының «Цифрлық қоғам» жобасына тоқталды. Жоба түрлі әлеуметтік топтарды қамтып, ақпараттық кеңістікте азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Жастар қанатының төрағасы Президенттің экология тақырыбына назар аударғанын ерекше атап өтті.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы бүгінде тұрақты шараға айналды. Былтырдан бері 1200 шақырым аумақта 100 тонна қоқыс жиналды. «Таза бейсенбі», экологиялық эстафеталар мен акцияларға жастар белсенді қатысып келеді», – деді ол.

Сөз соңында Ақерке Искандерова Мемлекет басшысының жастарға деген сенімі үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты.

«Жастардың бастамаларын қолдауы – біз үшін зор мәртебе әрі міндет. Жаңашылдық пен жасампаздыққа сүйене отырып, мемлекет артып отырған сенімді ақтау – басты мақсатымыз», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары