$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2025, 11:29
Қоғам

«Құрылыс қазан айында толық бітеді»: адвокат Қаржаубай Нұрымовтың жаңа үйін көрсетті (ВИДЕО)

Тура бір жыл бұрын отбасының үйі өртеніп кеткен еді

«Құрылыс қазан айында толық бітеді»: адвокат Қаржаубай Нұрымовтың жаңа үйін көрсетті (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша Қаржаубай Нұрымовтың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев осы отбасы үшін салынып жатқан үйді көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, құрлысшылар үйдің іші-сыртын толығымен қазан айында аяқтап бітуді жоспарлап отыр екен.

«Маған көп қойылатын сұрақтың бірі – «Қаржаубайдың өртенген үйі не болып жатыр» деген сұрақ. Біздің негізгі назарымыз Шерзаттың соты болғандықтан, бұрын ақпарат беруді жөн көрмедік. Қазір мына үйді көріп, көзіміз жетіп отыр – жаңа үй салынып жатыр. Құрылыстың басы-қасындағы адамдар үй 15 қазанға дейін толық салынып бітетінін айтып отыр», - дейді адвокат.

Үйді салып жатқан құрлысшылар баспана биыл 15-20 қазан аралығында толық салынып бітеді деп мәлім етті.

Айта кетейік, Талғарда 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Полатты бір топ жігіт жабылып, ұрып, пышақтап, өлтіріп кеткен. Кейін, арада 8 күн өте отбасының үйі өртеніп кеткен еді.

Жуырда Шерзат Полатты өлтірді деген күдікпен ұсталған қылмыскерлерге қатысты сот үкімі жарияланды.

Басты күдікті Абзал Шынасыл ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жылға сотталды.

Равиль Сакиев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға сотталды.

Азамат Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), қосымша 188-бап (ұрлық) бойынша бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрқиас Ілиясов – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), бұрынғы соттылығына байланысты 9 жылға сотталды.

Шыңғыс Белғожаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.

Дархан Әскентай – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрбол Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.

Дидар Қалиахмет – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 айға сотталып, жуырда босап шықты.

Серіктес жаңалықтары