Тракторшы - Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналған

Автор: Azattyq Rýhy

«Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, аймақтарда керек мамандықтар мен дайын мамандар арасында дисбаланс жоғары

Фото: ашық дерек көзінен

Бүгін Үкімет отырысында қаралған мәселелердің бірі 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жай-күйі болды. Бағдарлама өнімді еңбек пен жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары, яғни, мамандарды оқыту мен «Бастау» жобасының операторы.

«Адамдарды қысқа мерзімді оқуға байланысты айтсақ, 815 оқу орталықтары жұмыс істеп жатыр, оның ішінде, 346-сы кәсіпорындардың жанында. 63200 адам қазір оқудан өтті, жоспарды 77 пайызға орындадық. 68.3 пайызы қазір жұмысқа орналасқан.2500 гранттар таратылды. 4325 адамнан сауалнама жүргіздік, 97 пайызы бағдарлама деңгейіне риза», - деді ол.

Бағдарлама арқылы халықтың көбі кондитер, тракторист, есепші, визажист сияқты заман сұранысына қажетті кәсіптерді игеген.  Бірақ олар «21 мың стипендияны көтеріп, ал, оқу мерзімін  ұзартуды сұрайды» екен.

«Өздеріңіз білесіздер, екі-үш жылдан бері нарыққа керек мамандықтардың тізімі жасап келеміз. 34 мың компания арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнама көрсеткендей, биыл 33 мың вакансия, келесі жылға 30 мыңнан астам вакансия керек деп жатыр. Нарыққа керек мамандықтарды осы қысқа мерзімді оқумен байланыстыруға болады. өйткені, дайындаған кәсіп пен керек кәсіптер арасында дисбаланс бар. Ақтөбе облысын мысалға келтірейік, мәселен, тракторист мамандығын қарасақ – аймаққа 300 тракторист керек, ал дайындайтыны - 53. Керісінше, сұраныс бар аспазшылар саны 231, ал оқыған аспаз -  425 адам. Осындай кереғарлық бар, сондықтан, скрининг жасап, қысқа мерзімді оқуға енгізуге дайынбыз», - деді ол. оқуға енгізуге дайынбыз», - деді ол.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан