$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2019, 16:40
Қоғам

«SCAT» Сауд Арабияға тұрақты рейстер жасауды жоспарлап отыр

«Air Astana» әуекомпаниясы Алматы - Медина және Алматы - Жиддә бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен тұрақты рейстерді жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлайды

«SCAT» Сауд Арабияға тұрақты рейстер жасауды жоспарлап отыр
inbusiness.kz

«Қазіргі уақытта компания аталған рейстерді орындауға рұқсат алу үшін тиісті құжаттарды тапсырды. Рұқсат берілсе, 2019 жылдың соңына дейін тасымалдауды бастауға дайын», - дейді комитеттің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ «SCAT» әуе компаниясы да Алматы – Жиддә (сәрсенбі) және Алматы – Медина (сенбі) бағыттары бойынша 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Boeing-757 типті әуе кемесімен рейстер жасауды жоспарлап отыр. Қазіргі «SCAT» Сауд Арабиясында сертификаттау рәсімінен өтіп жатыр.

«Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Корольдігінің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы келісімге сәйкес, екі тарап бекіткен әуекомпаниялар елдер арасында аптасына 4 рет жолаушы және 3 рет тұрақты жүк тасымалдау рейстерін орындауға құқылы. Сауд Арабия тасымалдаушылары үшін рұқсат етілген қалалар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды, ал қазақстандық тасымалдаушылар үшін - Эр-Рияд, Жиддә, Медина және Даммам», - дейді хабарламада. 

Қазақстандық «SCAT» әуекомпаниясы 2016 жылдан бастап қажылыққа баратын қазақстандықтарды тасымалдау бойынша Сауд Арабиясына тұрақты емес рейстер жасап келеді. Ал арабтардың компаниясы қазақстандық қажыларды тасымалдау рейстерін «Fly Nas» әуе компаниясы арқылы жүзеге асырып келеді.

Серіктес жаңалықтары