$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:44
Қоғам

Мектептен тыс жерде балаларға қатысты оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес – президент

Президент кез келген жазатайым жағдай үшін мұғалімді жазалау орынсыз деп санайды

Мектептен тыс жерде балаларға қатысты оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес – президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президенттің айтуынша, кейде жергілікті билік осы заңның талаптарын өрескел бұзып жатады. Сол себепті прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек.

«Балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін де мұғалімді жазалау орынсыз деп санаймын. Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес. Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылды. Министрлік олардың мүддесін қорғап қалды. Дұрыс. Біз мұндай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек. «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізу қажет деп санаймын. Мемлекеттің міндеті – мұғалімнің қоғамдағы беделін және мәртебесін мейлінше арттыру», - деді Тоқаев ұстаздардың республикалық тамыз конференциясында.

Бұдан бөлек президент мектептегі тамақ сапасына тоқталды.

«Маңғыстауда балалар сапасыз тамақтан уланып қалғанын білесіздер. Осы сұмдық жағдайдан кейін мектептегі тамақтың сапасын қадағалау жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі толығымен өз міндетіне алды. Бұл өте дұрыс шешім болды. Жалпы, білім саласы – мемлекет үшін стратегиялық мәні бар сала. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдар білім саласындағы мәселелерден сырт қалмауы керек. Түптеп келгенде, балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе», - деді мемлекет басшысы.

Айта кетері, биылғы тамыз конференциясы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналған.

Серіктес жаңалықтары