Абайдың мерейтойында Берік Уәли арбадағы Жүрсін Ерманға ерекше ықылас танытты

Автор: Бақыт Шынар

Ол ақынды қызыл кілемге ертіп шығарған

Фото: facebook.com/maksim.rojin

Мәжіліс депутаты Максим Рожин әлеуметтік желідегі парақшасына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның суретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Суретте Абай облысының әкімі Берік Уәли қызыл кілемнің үстімен Жүрсін Ерманның арбасын итеріп бара жатқанын көруге болады. Әлеуметтік желідегі халық әкімнің қарапайымдылығы мен ізетін айтып, алғыс жаудырған.

«Көп дүниені айғақтайтын сурет. Осы күндері Абай облысында маңызы жоғары Абай Құнанбайұлына арналған үлкен мерейтой шаралары өтіп жатыр, сол шаралардың басында әрдайым облыс әкімінің өзі жүргенін көруге болады. Әкімнің жауапкершілігі, өнерге қамқорлығы да осы суреттен-ақ көрінеді», - деп жазған Максим Рожин.