«Дипломмен – ауылға»: үкімет жас мамандарға үй алуға берілетін несиені қымбаттатып жіберді
Бұйрыққа тиісті өзгерістер енген

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға берілетін бюджеттік несиенің пайыздық мөлшерлемесін көтеру туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетері, қазір елімізде ауылға тұруға және жұмыс істеуге барған денсаулық, бiлiм, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарға, сонымен қатар ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне баспана сатып алуына не салуына бюджеттен арзан несие беріледі. Бүгінгі таңда жеңілдетілген кредиттің пайыздық мөлшерлемесі жылдық – 0,01%.
Енді үкімет қолданыстағы бұйрыққа түзету енгізіп, сыйақы мөлшерлемесін жылдық 1%-ға дейін көтеріп отыр.
Өтінім берген маманның,оның жұбайының және балаларының атында соңғы екі жыл ішінде дәл сол ауданда баспанасы болмауы шарт.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие 15 жылға дейін беріледі.
Бұйрық 18 тамызда күшіне енеді.
Бұған дейін Қазақстанда қандай тұрғын үй бағдарламалары жұмыс істеп тұрғанын жазған едік.