$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2025, 14:32
Қоғам

Биыл қанша қазақстандықтың үйіне газ тартылады

Күзде «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры іске қосылады

Биыл қанша қазақстандықтың үйіне газ тартылады
Фото: istockphoto.com

Биыл еліміздің 300 мыңнан астам азаматы көгілдір отынмен қамтылады. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта 7,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілген, жылдық жоспар – 14,8 млн тонна.

«Биыл 62 млрд м³ газ өндіру жоспарланған. 94 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі, 300 мыңнан астам адам көгілдір отынға қол жеткізеді. Қыркүйек айында ұзындығы 302 км болатын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры іске қосылады, бұл 60-тан астам елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Скляр сәуір айында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісі салына бастағанын атап өтті. Оны келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Роман Скляр #газ