$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2025, 14:15
Қоғам

Жыл соңына дейін тағы 175 жолаушылар вагоны алынады

Қазір ірі теміржол жобалары жүзеге асып жатыр

Жыл соңына дейін тағы 175 жолаушылар вагоны алынады
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр көлік инфрақұрылымы қалай дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айтуынша, бірқатар ірі теміржол жобалары іске асып жатыр.

«Достық – Мойынты» және «Алматы қаласының айналма жолы» жобалары аяқталу сатысында. Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» жобалары аяқталады. Ал 2027 жылы – «Бақты – Аягөз» жобасы іске қосылады. Жыл соңына дейін 175 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр», - дейді Скляр Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар әуе хабтарын дамыту және әуе жүктерін өңдеу көлемін арттыру мақсатында әуежай инфрақұрылымы жаңғыртылуда, кедендік рәсімдер жеңілдетіліп, цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорт аймақтарында әуежай құрылысы басталды.

Бұдан бөлек, 12 мың шақырым автожол салынып және жөнделіп жатыр, оның 7 мың шақырымы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары