$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2025, 14:00
Қоғам

ДДСҰ Қазақстанның қатерлі ісікке қарсы жетістіктерін мойындады

Қазақстан – Орталық Азияда ДДҰ мақсатты көрсеткішіне қол жеткізген алғашқы ел болып отыр

ДДСҰ Қазақстанның қатерлі ісікке қарсы жетістіктерін мойындады
Фото: © freepik.com / senivpetro

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаһандық мониторинг жүйесі шеңберінде белгіленген, 2025 жылға дейін жұқпалы емес аурулардан (ЖЕА) болатын ерте өлім-жітімді 25%-ға азайту мақсатына жеткен Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды. Бұл жөнінде ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ДДҰ баяндамасы және Қазақстанның жетістігі

«Алдын алуға болатын өлім-жітім, қауіп факторлары және ЖЕА-мен күрес стратегиялары» деп аталатын құжатта Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтудағы жетістіктері, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкологиялық дерттердің алдын алу, диагностика және емдеу саласындағы ілгерілеуі айтылған.

ЖЕА (инфаркт, инсульт, қатерлі ісік, қант диабеті және т.б.) Еуропа өңіріндегі өлім-жітімнің 90%-ының себебі болып отыр. Қазақстан – бұл көрсеткіштерге жеткен алғашқы он елдің қатарында.

«Ел жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейтін ұлттық орталықтар құруға инвестиция салудан бастап, темекі шегумен күресуге және қантты сусындарды тұтынуды азайтуға дейін кең ауқымды шараларды қабылдады. Бұл қадамдар қазірдің өзінде халық денсаулығына оң әсерін беріп жатыр», - деп жазылған баяндамада. 

Кардиология мен онкологияны дамыту

2017 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстанда катетеризация зертханаларының саны 31-ден 49-ға, ал инсульттік орталықтардың саны 83-ке жеткен. 2012 жылдан бері елімізде жүрекке қосалқы құрылғы орнату бойынша 600-ден астам ота, жүрек трансплантациясы бойынша 100-ге жуық ота жасалып, бұл салада Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр.

Скрининг пен ерте диагностика

2024 жылдың қорытындысы бойынша:

  • нысаналы топтың 70%-ы сүт безі мен тоқ ішек қатерлі ісігіне скринингтен өтті – бұл рекордтық көрсеткіш;
  • Адам папиллома вирусына (HPV) тестілеу енгізіліп, 11–13 жас аралығындағы қыздарға вакцина салу басталды;
  • 2025 жылдың қаңтарына дейін 116 000-нан астам қыз (жоспардың 33,4%-ы) вакцинацияланды.

«Ауруларды ерте анықтау, дер кезінде медициналық көмек көрсету және пациенттерді қолдау – Қазақстанның ұлттық денсаулық сақтау бағдарламасындағы басты басымдықтар», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Темекі мен энергетикалық сусындарға қатаң шаралар

Қазақстан ТМД елдері арасында ең қатаң темекіге қарсы саясатты жүзеге асырып келеді:

  • қоғамдық орындарда темекі шегуге толық тыйым салынды;
  • темекі қаптамаларында ескерту суреттері орналастырылды;
  • вейптер мен электронды темекілерге тыйым салынды;
  • темекі өнімдерін жарнамалауға және сатуға шектеулер енгізілді.

Осының нәтижесінде шылым шегетін халықтың үлесі шамамен 20%-ға дейін төмендеді.

Сондай-ақ:

  • 2024 жылдан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгілерге сатуға тыйым салынды;
  • мектептерде тәтті сусындарды сатуға шектеу қойылды.
  • Өмір сүру ұзақтығы мен өлім-жітімнің төмендеуі
  • 2023 жылы Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы – 75,09 жас (2022 жылы – 74,44 жас);
  • Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2021 жылғы 1000 адамға шаққанда 9,6-дан 2023–2024 жылдары 6,5-ке дейін төмендеген.

Болашақтағы басым бағыттар

ДДҰ деректері бойынша, Қазақстан төмендегідей бағыттарда жұмысты күшейтуі қажет:

  • тұз тұтынуды азайту;
  • балаларға бағытталған зиянды тағам жарнамасына шектеу енгізу;
  • трансмайлар мен ана сүтіне балама өнімдерді реттеу.

«Бүгінде тұз тұтынуды азайту және балаларға зиянды тағам өнімдерін жарнамалауға тыйым салу бойынша нақты шаралар жоқ, ал трансмайлар мен ана сүтіне балама өнімдерге қатысты нормалар жартылай ғана іске асып отыр. Бұл бағыттарды жетілдіру – алдағы кезеңдегі басты міндет», – деді Сұлтанғазиев.

Қазақстан – өңірге үлгі

ДДҰ-мен серіктестік, инфрақұрылымға салынған инвестициялар мен кешенді тәсілдің арқасында Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары мен Еуропалық денсаулық сақтау саясатының (EPW 2016–2030) міндеттерін табысты орындап келеді.

Серіктес жаңалықтары