29.07.2025, 10:55
                Қоғам
            Қазақстандағы ардагерлер ең көбі 62 мың, ең азы 8 мың теңге жәрдемақы алады
Қазір ел бойынша әртүрлі санаттағы 80 мыңнан астам ардагер қалған
 
                        Фото: gov.kz
                                                            
                Биыл Қазақстан үкіметі әртүрлі санаттағы соғыс ардагерлеріне 17 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төлейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір Қазақстанда 96 соғыс ардагері, соларға теңестірілген 16 630 ардагер, басқа елдердің аумағында ұрыстарға қатысқан 26 580 адам, 37 626 тыл ардагері өмір сүреді.
«2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда өмір сүретін соғыс ардагеріне ай сайын:
- 62 912 мың теңге
- соғыс кезінде жарақат алып, мүгедек болған адамдар 29 687 теңге, соғыс ардагеріне теңестірілген ардагерлер 24 339 теңге
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқандар 24 339 теңге
- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер –18 874 теңге
- тыл еңбеккерлері 8 376 теңге жәрдемақы алады.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
30.10.2025, 10:46
            Астанада Ержан Бабақұмаров қаза тапты
        30.10.2025, 10:20
            Шымкентте 13 жастағы қызды қағып кеткен банк қызметкері түрмеге емес, үйқамаққа түскен (ВИДЕО)
        30.10.2025, 22:00
            «Мәйітін кілемге орап, қоқысқа тастаған»: анасын өлтірген еркек туралы көршілері айтты
        30.10.2025, 09:34
            Шымкенттегі «алтын Назирадан» 402 млн теңге, 52 машина мен 17 келі алтын тәркіленген (ВИДЕО)
        30.10.2025, 20:40
            «Анамнан кешірім сұраймын»: танымал актер 150 теңге үшін ұятқа қалған
        Редактордың таңдауы
30.10.2025, 16:32
                    «Ең алдымен, арымыз таза болу керек»: Тоқаев сыр жұртшылығымен кездесті
                 
                         
                    