$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2019, 09:18
Қоғам

Әскердегі өлім: Ұлттық ұлан сарбазы белбеуіне асылып қалды

Оның Отан алдындағы борышын өтеп бітуіне небәрі 2 ай уақыт қалған еді

Әскердегі өлім: Ұлттық ұлан сарбазы белбеуіне асылып қалды
HOLA News

Тараздағы Ұлттық ұланның 55/13 әскери бөлімінде сарбаз суицид жасады. Үйіне оралуына небәрі екі ай қалған 20 жастағы ақтөбелік жауынгердің мәйіті өзінің белдігіне асылған күйде табылған деп хабарлады КТК телеарнасы.

Болат Батырханның денесі әскери бөлімдегі екі ғимарат қуысындағы биік темірге дара асылған жерінен анықталған. Бұл қадамға баруына не себеп болғаны әзірге жұмбақ. «Денесінде бірде-бір соққының ізі жоқ», - дейді әскерилер. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Ал мәйітті нағашы ағасы ауылына бүгін таңда алып кетті. Болат Батырханды басшылығы үздік сарбаз болған дейді. Оның суреті мақтаулы жауангерлердің қатарында тұр.

Әскери бөлімде бұған дейін де қайғылы жағдай болған. Үш жыл бұрын прапорщик қару-жарақ қоймасында өзінің табелдік тапаншасымен атылып өлген еді. Марқұмның жақындары оның суицид жасауына басшылық тарапынан жасалған қысым себеп деген болатын. Ал 20 жасында қыршын кеткен Болатқа әлімжеттік жасалды ма, жоқ па, оны тергеу орындары анықтайды.

«Қазір бүкіл жағдай тексеріліп жатыр. Біреумен жанжал болды ма, жоқ па, өзіне қол жұмсауға біреу итермеледі ме, ол да тексеріледі. Ең соңғы шешім тергеу аяқталғанда белгілі болады», - деді ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешов.

Серіктес жаңалықтары