Танымал әзілкеш 18 жастағы қызының ұзатылуында жылап қалды (ВИДЕО)
Әкесі бір жыл күтсе болады деген өкінішін айтты

Танымал әзілкеш әрі тележүргізуші Дәнекер Оразбай жақында қызының ұзату тойын өткізді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тойдағы әсерлі сәттерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әзілкеш қызының ұзату рәсімінде жыламаймын деп сендіргенімен, қоштасар сәтте көз жасына ерік берді.
«Кішкентай қыз ғой әлі. 1 жыл күтсе болар еді ғой», – деп көңілі босап, қимастықпен көзіне жас алды.
Бұл сәт желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, түрлі пікірлер жазылды.
«Өзің де біреудің кішкентай қызын алдың ғой, қызыңның жүрегін ауыртпа, қыз жат жұрттық қой, қыз берген оңай ма, 18-де ғана екен, қыздар тұрмысқа асықпаңдаршы, Дәке жыламаңыз, қыздың мұраты кету ғой, қызы бақытты болсын», - деп жазды олар.
Әзілкешті «Нысана» театрының өзге мүшелері жұбатып, қолдау көрсетті.