ШҚО тұрғыны бүкіл ауылын ішімдіктен бас тартуға жұмылдырған
Содан кейін ауылдағы құқық бұзушылық мүлдем тыйылған

Шығыс Қазақстан облысында бір ауылдың тұрғындары ішімдіктен ұжымдық түрде бас тартып, құқық бұзушылықты нөлдік деңгейге дейін түсірді. Бұл бастаманың авторы – қарапайым ауыл тұрғыны Марат Мағауиянов, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жанұзақ – ішімдіксіз алғашқы ауыл
Ұлан ауданына қарасты Жанұзақ ауылы Шығыс Қазақстанда алкогольден ұжымдық түрде бас тартқан алғашқы елдімекен атанды. Ауылда қылмыс деңгейі нөлге жетіп, қоғамдық тәртіп жақсарған.
«Қауіпсіздік – ауыл тұрғындары мен полицияның ортақ жауапкершілігінің нәтижесі», – деп атап өтті ШҚО Полиция департаменті.
Қазір өңірде осындай 11 ауыл бар, алайда алғашқы қадам дәл осы Жанұзақтан басталған.
Тәртіпке үндеген тұрғын марапатталды
Қазақстан полициясы күніне арналған концертте ШҚО Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Жанұзақ тұрғыны Марат Магауияновқа алғыс хат табыстады.
«Бұл – белсенді азаматтық позицияның, жеке үлгінің және құқықтық-адамгершілік құндылықтарға қосқан үлестің көрінісі», – делінген ресми хабарламада.
«Бұл барша ауылдастардың еңбегі»
Марапатты қабылдаған кезде Марат өз сөзінде бұл шешімнің ортақ еңбек екенін айтты.
«Бұл – тек менің емес, барша ауылдастарымның еңбегі. Біз жанжалсыз, зиянды әдеттерсіз өмір сүргіміз келеді. Балаларымыз үлгі алатын орта қалыптастыру – басты мақсатымыз», – деді ол.
Ішімдіксіз ауылдардың үлгісі
Ішімдікке қарсы бастама қоғамның өз ішінен туып жатқанын дәлелдейтін бұл мысал еліміздің басқа да өңірлеріне үлгі бола алады.
- Ауылдағы нөлдік қылмыс деңгейі – ұжымдық сананың нәтижесі
- Жанұзақ – өңірдегі алғашқы «ішімдіксіз ауыл»
- Бұл бастама қазір 11 елдімекенге тараған
- Жобаға жергілікті полиция қолдау көрсетіп отыр.