$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2025, 18:00
Қоғам

ҚТЖ жыл соңына дейін бүкіл пойызына камера орнатып тастайды

Қазірдің өзінде пойыздарда 4 мың камера орнатылған

ҚТЖ жыл соңына дейін бүкіл пойызына камера орнатып тастайды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Ұлттық тасымалдаушының барлық 112 бағыт бойынша жүретін пойыздары 2025 жылдың соңына дейін бейнекамералармен жабдықталады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда жолдағы қауіпсіздікті, жайлылық пен жедел әрекет етуді арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізеді. Қазірдің өзінде ұлттық тасымалдаушыға қарайтын пойыздарда 4 мың камера орнатылған.

«Бейне мұрағаттар ахуал орталығының экрандары арқылы қаралады. Осылайша мамандар жағдайды жедел бақылап, стандартты емес жағдайларды талдайды. Бейнекамералар ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, заңбұзушылықтарды тіркеуге және вагонда қалып кеткен заттарды табуға мүмкіндік береді. Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқықбұзушылық 2024 жылмен салыстырғанда 21 пайызға төмендеп, жолаушылардың шағымдары 32% азайды және ұмытылған заттардың 91 пайызы иелеріне қайтарылды», - делінген хабарламада.

ҚТЖ ақпаратынша, жаңа вагондардың барлығы интеграцияланған бейнебақылау жүйесімен жеткізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары