$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дропперлермен күрес, қыз алып қашудың жазасы: Мәжіліс үшінші сессияда қандай заңдар қабылдады

Депутаттар ізгі шешімдер қабылдау қажеттігін де ұмытпаған 

Дропперлермен күрес, қыз алып қашудың жазасы: Мәжіліс үшінші сессияда қандай заңдар қабылдады
Фото: pixabay

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің үшінші сессиясында депутаттардың қызметіндегі басты бағыт «Заң мен тәртіп» қағидаты заңнамалық тұрғыдан қалай жүзеге асқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, депутаттар еліміздегі қылмыс жазасы кодекстерін оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыс атқарған. 

«Азаматтарды қылмыстық қастандықтан қорғауға бағытталған заңдар қабылданды. Жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға жауап ретінде интернет-алаяқтық жасағаны үшін «дропперлерге» қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейді. Депутаттар некеге тұруға мәжбүрлеу ісі үшін де жаза енгізді. Адамның бет-әлпетін танып-білуге кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынды»,- деді Ерлан Қошанов. 

Ол атағандай, жауапкершілікті күшейтумен қатар, депутаттар ізгі шешімдер қабылдау қажеттігін де ұмытқан жоқ.

«Кейбір азаматтардың абайсыздан, қиын өмірлік жағдайда жүріп құқық бұзушылыққа баратыны белгілі. Сондықтан біз есірткі таратушылар мен өндірушілер арасындағы қылмыстық жауаптылықтың ара-жігін ажыраттық. Бұл Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы болатын. Қазірдің өзінде алғаш рет сүрініп, есірткі жасырған жас азаматтарға қатысты үш мыңнан астам іс қайта қаралып, оларды босату мен үкімді жеңілдету бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр»,- деді ол. 

 

 

Серіктес жаңалықтары