Қазақстаннан Ресейге қарай дрондар ұшырылғаны рас па – СІМ жауабы

Автор: Нұргүл Абай

Тексеріс жүріп жатыр

Фото: Lada.kz

Қазақстан аумағынан және еліміздің үстінен Ресейге қарай ұшқышсыз ұшу аппараттары жіберілгені туралы ақпарат – жалған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан аумағынан Ресейге қарай ұшқышсыз ұшу аппараттары жіберілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар Қазақстан Республикасының аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын табуға байланысты соңғы барлық оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Біз тексеріс нәтижелерін күтуді ұсынамыз. Оның қорытындысы бойынша тиісті жұмыс жүргіземіз», - деді Смадияров СІМ-де өткен брифингте.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстан аумағынан Ресейге қарай ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылғаны туралы ақпарат тараған.

20 маусымда Маңғыстау облысында әскери техникаға ұқсас дрон табылғаны хабарланған. Облыстық полиция белгісіз аппаратқа қатысты түсініктеме берген болатын. Осыдан кейін Атырау облысының Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын орналасқан Қоңыртерек ауылы маңында белгісіз нысанның сынықтары табылды.

Тегтер: