$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында шекара маңынан дронға ұқсас техниканың сынықтары табылды (ВИДЕО)

Жергілікті тұрғындар аспаннан көк түтін көрген

Атырау облысында шекара маңынан дронға ұқсас техниканың сынықтары табылды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Атырау облысының Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын орналасқан Қоңыртерек ауылы маңында белгісіз ұшатын нысанның сынықтары табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тұрғындар алдымен көктен түтін көрген

Аtyrau Online желілік басылымының мәліметінше, оқиға куәгерлері алғашында аспанда түтіннің пайда болғанын байқаған. Кейін ашық далада техникалық құрылғыға ұқсас сынықтарды тапқан.

Куәгерлер: Бұл – қозғалтқышы бар ұшу құрылғысы

Куәгерлердің айтуынша, табылған нысанның қозғалтқыштары болған, ал құлаған жерде күйіп кеткен қара із қалған.

Ресми тергеу басталды

ҚР Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу департаменті бұл оқиғаға байланысты ресми тергеу басталғанын хабарлады.

«Атырау облыстық полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, сыртқы келбеті пилотсыз ұшатын аппаратқа ұқсайтын объектінің табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан ашық далада табылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», — делінген Әскери тергеу департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары