18.06.2025, 14:20
Қоғам
Қазақстандағы 438 блогерге қатысты тексеріс ашамыз – министр
Олар салықтан жалтарып жүр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Қазақстанның салық органдары 438 блогердің кіріс-шығысын тексереді. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, салықшылар 854 блогерге 72 млрд теңге ақшаны төмендетті деп хабарлама жіберген. Олардың 394-і 11,8 млрд теңге салық төлеп қойған.
«Енді қалған 438 блогерге тексеріс ашайын деп жатырмыз. Олар төлемей жүр, сол үшін тексеріс ашамыз», - деді Тәкиев Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін шамамен 360 блогер 10,5 млрд теңгеге өз еркімен табысын растағанын жазған едік.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
