18.06.2025, 09:40
Қоғам
Үйқамақта отырған қазақстандықтар не істей алады – Бас прокуратура жауап берді
Қазір Қазақстанда 342 адам электронды білезік тағып, үйқамақта отыр
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Қазақстанда үйқамақта отырған қазақстандықтар жұмыс істеп, білім ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметінше, қазір ел бойынша электронды білезік тағып, үйқамақта отырған 342 адам бар.
Олардың қандай құқықтары сақталған
Бас прокуратураның дерегіне сүйенсек, 2021 жылы электронды білезік тағып, үйқамақта отырған азаматтардың үлесі барлық сотталғандардың 2,7% тең болса, 2024 жылы 60%-ға жетті. 2024 жылдың басынан 2025 жылғы наурызға дейінгі аралықта 342 адамға электрондық білезік тағылған.
Ондай адамдар:
- Отбасымен араласа алады
- Жұмыс істей алады
- Білім ала алады;
Бас прокуратура электронды білезік түзеу мекемелерінің жүктемесін азайтып, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады деп сенеді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды