Туу көрсеткіші неге төмендеп жатыр – БҰҰ-ның жаңа есебі
Баяндамада бала өсірудің қымбат екені айтылған

БҰҰ Халық қоныстануы қоры жүргізген жаңа зерттеуге сәйкес, дүние жүзінде бала туу деңгейі бұрын-соңды болмаған қарқынмен төмендеп жатыр. Мұның басты себебі – қаржылық қиындықтар мен уақыттың тапшылығы, сондай-ақ адамдардың өздері қалаған отбасын құруға жағдайы болмауы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
14 ел, 14 мың адам: зерттеу нәтижелері қандай?
Қор сауалнама жүргізген 14 елде (Бразилия, Үндістан, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және т.б.) тұратындардың саны – әлем халқының үштен бірін құрайды. БҰҰ зерттеу нәтижесін ВВС жариялады.
Зерттеу нәтижелері мынандай:
- Әрбір бесінші адам өзі қалаған сандағы баланы дүниеге әкеле алмайтынын мойындады.
- 40%-ы балалы болуға қаржысы жетпейтінін айтты.
- 31%-ы – 50 жастан асқан респонденттер – тағы бала туғысы келетінін жеткізген.
Басты себептер:
- қаржы жетіспеушілігі,
- серіктестің болмауы,
- жұмыс пен тұрмыс арасындағы теңгерімсіздік,
- уақыт тапшылығы,
- тұрғын үйдің қымбаттығы.
Сарапшылар не дейді?
«Көпшілік екі не одан көп бала туғысы келеді, бірақ қазіргі жүйе адамдарға қалаған отбасын құруға мүмкіндік бермей отыр. Бұл – шын мәніндегі демографиялық дағдарыс», — деді қор басшысы Наталия Канем.
Ал демограф Анна Роткирх бұл дағдарыс бала тумаудан емес, адамдардың жағдайының жетпеуінен туындап отырғанын айтады.
БҰҰ қандай шара ұсынуда?
БҰҰ сарапшылары демографиялық көрсеткішті көтеру үшін келесі шараларды ұсынады:
- Жұмыс пен отбасын қатар алып жүруге мүмкіндік жасау;
- Қолжетімді бала күтімі қызметтерін енгізу;
- Әйелдерге қолдау көрсететін отбасылық саясат қабылдау;
- Жасанды ұрықтандыру қызметтерін субсидиялау.
Қазақстанға бұл зерттеудің қандай қатысы бар?
Қазақстан да туу көрсеткіші азайып жатқан елдердің қатарында. Әлемдік демография өзгеруде. Бұл үрдіске бейімделу үшін Қазақстан да нақты әлеуметтік, экономикалық және отбасылық саясатты күшейтуі тиіс. Туу көрсеткішінің төмендеуі – жеке таңдау емес, жүйелік кедергілердің нәтижесі.