«Күніне 690 доллар табыс аласың»: ақтөбеліктер «самокат пирамидағы» оңбай алданған (ВИДЕО)
Олар күніне 12-690 доллар пайда көреміз деп ойлаған

Қаржы мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысындағы департаменті «Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«АҚШ-та самоткат шығарамыз»
Анықталғандай, қаржы пирамидасын құрғандар өздерін АҚШ-та тіркелген және электр самокат өндіретін ірі компания ретінде таныстырған. «Сенімді» компания деп азаматтарға жоғары табыс уәде еткен.
«Алайда, іс жүзінде электр самокат сатумен айналыспаған. Салымшыларға салым сомасына байланысты күніне 12-ден 690 долларға дейін төлем ұсынған. Жаңа адамдарды тартса, қосымша бонус уәде еткен», - деп хабарлайды дереккөз.
Адамдар 200 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылған
Осы пирамидаға алданған 115 адам пирамидаға 197 миллион теңгеден астам қаражат салған.
«Тергеу кезінде күдіктілер салымшылардың ақшасын OKX крипто әмиянына аударып, одан кейін фиаттық ақшаға айырбастап, банк шоттарына шығарғаны анықталды. Заңсыз кірістер есебінен Ақтөбе қаласында 2 пәтер мен 3 автокөлік сатып алынып, жасыру мақсатында жақын туыстарына рәсімделген», - деп хабарлайды ҚМА.