$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2020, 11:16
Қоғам

Білім беру саласында жұмыс істейтін әр 4 адамның 3-і – әйелдер

Ең төменгі жалақы алатындар – БҚО қызметкерлері 

Білім беру саласында жұмыс істейтін әр 4 адамның 3-і – әйелдер
фото: conferences.nis.edu.kz

Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстанда білім беру саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 154,6 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 40,6%-ға өскен. Ал егер инфляцияны есепке алғандағы жағдайға келсек, нақты өсім – 32,6%. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Білім беру саласында ең жоғары жалақы алатын өңірлердің көшін Нұр-Сұлтан қаласы бастап тұр. Елордада бұл саладағы орташа жалақы мөлшері 260,3 мың теңге, яғни өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 32,5%-ға жоғары. Сондай-ақ республика бойынша орташа жалақы мөлшерінен 1,7 есе жоғары.

Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы (181,3 мың теңге) мен Алматы облысы (158,5) тұр. Жалақы көлемі бойынша 17 аймақ ішінде тек 4 өңірде ғана педагогтар Қазақстандағы орташа айлықтан жоғары алады. Ал, білім беру саласындағы ең төменгі жалақы – Батыс Қазақстан облысында (134,6 мың теңге).

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім беру саласында қызмет ететіндердің саны 1,1 млн адамға жеткен, жылдық өсім – 1,8%. Оның ішінде ерлердің қатары – 26,2%, ал әйелдердің үлесі – 73,8%.

Серіктес жаңалықтары