Қазақстанда азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттады
Әсіресе, көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы айтарлықтай өскен

Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы да шарықтады. Әсіресе, көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Тапқан табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайтындар карантин кезінде тіпті қиналып қалдық деп отыр. Айтуларынша, бағасы күрт өскен тауарлардың қатарында қарақұмық, ұн, жұмыртқа, макарон, сары май мен сүт өнімдері бар. Жеміс-жидек пен көкөністің құны да айтарлықтай қамбыттапты. Бағаның бірден құбылуы саудагерлердің де қалтасын қаққан көрінеді.
Елдегі қымбатшылық жайы бүгін Үкімет отырысында да сөз болды. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев азық-түлік жыл басынан бері шарықтағанын мойындады. Бірақ көрсеткіш 10,7 пайыз ғана деді. Ал бұл соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш деп бағалады. Бас банкир қымбатшылық инфляцияның өсуіне де әсер берді, дейді.
Әзірге түспей тұрған былтырғы бау-бақша өнімдері секілді. Сәбіздің келісі 180 теңгенің шамасында. Дегенмен жақында жаздық өнім алмастырғасын баға бұрынғы қалпына келеді дейді сатушылар.