$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2025, 16:30
Қоғам

Түркістан облысының әкімдігі ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға ноутбук сыйлады

Жәнібек Әбілхан облыс бойынша рекорд орнатып отыр

Түркістан облысының әкімдігі ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға ноутбук сыйлады
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 ұпай жинаған Жәнібек Әбілханға алғыс хат пен ноутбук сыйлады, деп хабарлайды 

Әкімнің орынбасары сондай-ақ бала білім алған Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Исанова мен сынып жетекшісі Гүлзира Бортаеваға ілтипат танытқан.

Айта кетейік, Жәнібек Әбілхан математика және информатика пәндерінің бүкіл сұрағына дұрыс жауап берген.  Көпбалалы отбасында тұрады. Мұғалімдері бала кезден ақылды, зерек, ізденімпаз, салмақты және табанды екенін айтып отыр. Өзі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы мектепте оқиды.

Биыл 400 мыңға жуық бала ҰБТ тапсырады

2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталды. Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.

216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген (2024 жылы – 186 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 342 мың өтініш).

ҰБТ-ға өтініш берушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 16,5%-ы «Математика-Физика», 15,6%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын таңдады. 9,7%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 285 адам тапсыруды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, ҰБТ-ға қатысу үшін талапкерлер Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы өтініш берген. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгіледі.

Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында енгізілген әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау бар.  Яғни, әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптық талдау бойынша білімдерін арттыру ұсынылған болатын. Сонымен қатар бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады. Одан бөлек, онлайн байқау сынақтары іске қосылған. Оқу жылының басында ҰТО сайтында оқулықтар тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.

Серіктес жаңалықтары