$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2025, 09:59
Қоғам

Қонаев, Семей, Байқоңыр: Қазақстанның қай қалаларынан адам көп кетіп жатыр

Ал халқы ең тез өсіп жатқан қала Қосшы болған

Қонаев, Семей, Байқоңыр: Қазақстанның қай қалаларынан адам көп кетіп жатыр
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстандағы үш қаланың халқы тез азайып жатыр. Ал, Астана маңындағы Қосшы қаласы адам саны қарқынды өсіп жатқан қала атанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«DATA HUB» дереккөзі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 2025 жылдың 1 сәуірі аралығындағы мәліметті ұсынған.

Соған сай, осы аралықта:

  • Қонаев қаласының халқы 8,2 пайызға азайған, қазір қалада 65,9 мың адам өмір сүреді.
  • Семей халқы 5,1 пайызға азайып, шаһарда 314,1 мың адам қалған.
  • Байқоңырда  халықтың 3,6 пайызы кетіп, қалада 32,4 мың адам қалған. 

Халқы тез көбейіп жатқан қала анықталды 

«Ал, адам саны қарқынды түрде көбейіп жатқан қала – Астана маңындағы Қосшы қаласы. Бұл қалаға бір жыл ішінде 61,5 мың адам көшіп келген. Екінші орында Астана қаласы, қазір елордада 1,55 млн адам тұрады. Үшінші орында – Түркістан, бұл қаладағы адам саны бір жылда 4,4 пайызға өсіп, 240,3 мың адамға жеткен», - деп хабарлайды дереккөз.

Серіктес жаңалықтары