«Тойы үшін 7 млн теңге несие алған ұлым ажыраспақ»: ананың жанайқайы көпке ой салды
Оның айтуынша, ұлы мен келіні небары алты ай отбасы болған

Қазір TikTok әлеуметтік желісінде Нұрсәуле есімді әйелдің видеосы кеңінен тарап жатыр: оның жеті млн теңге несие алып, той жасаған ұлы алты ай уақыт өткенде ажырасқалы жатыр. Әйел банкке әлі бес жыл несие төлейді екен, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Ұлыма әдемі той жасап беру үшін 7 млн теңге несие алдық. Бірақ, жарты жыл өткенде олар ажырасқалы жатыр. Несиені әлі бес жыл төлеймін», - дейді ол.
Бұған қатты реакция танытқан қоғам әйелдің видеосына қатысты көп пікір білдірген. Көбінің айтатыны – несиеге аста төк той жасайтын заман өтіп кеткен.
«Қазір әдемі той жасап ешкімді таңғалдыра алмайсың, босағасы берік отбасы бәрінен маңызды. Бұл әйелдің айтқанынан түйетін ойым – несиеге той жасамаңыздар. Жеті миллион теңге кеткен той қандай екен, ә? Ажырасқалы жатқан екеуі несиені екіге бөліп, төлесін», - дейді қазақстандықтар.