$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұрын 500 оқушы бір компьютерге таласатын едік»: депутат оқушылардың ChatGPT қолдануына қатысты пікір айтты

Мәселені шектеулер арқылы шешпеу керек дейді ол 

«Бұрын 500 оқушы бір компьютерге таласатын едік»: депутат оқушылардың ChatGPT қолдануына қатысты пікір айтты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева мектептерде енуі мүмкін этикалық ережелерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ChatGPT пайдалану мәселесі әзірге тек жұмыс тәртібінде талқыланып жатыр, нақты ереженің жобасы да, қоғамдық талқылау да әзірге жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Бұл – профильді министрліктің құзырындағы мәселе. Қазір тек «этикалық ережелер енгізу туралы ой бар» деген сөз ғана айтылды. Сондықтан нақты ақпаратты оқу-ағарту министрлігінен нақтылаған дұрыс», – деді депутат.

Екатерина Смышляева мектептердегі цифрлық құрылғыларға қатысты шектеулерге тоқтала отырып, технология шексіз дамып жатқанда балаларды әлденеден шектеу тиімсіз дейді.

«Біз оқушы кезде мектепте бір ғана ескі компьютер болатын, ол екі сағат қана жұмыс істейтін. Оған 500 оқушы таласатынбыз. Сол кезде бір құрылғыға шектеу қою мүмкін еді. Ал бүгінде әр баланың қолында екі смартфон бар десе болады. Ондай жағдайда ешқандай шектеу нәтиже бермейді», – деді депутат.

Депутаттың айтуынша, мәселені шектеулер арқылы емес, цифрлық құрылғыларды мәдениетті түрде қолдануға үйрету арқылы шешу керек.

«Әр оқушы цифрлық технологияларға тым әуестенсе, оның когнитивті және интеллектуалдық қабілеті төмендейтінін түсінуі тиіс. Бұл – жеке жауапкершілік пен мәдениеттілікке байланысты», – деді Смышляева.

Сондай-ақ ол білім беру мазмұнын қайта қарау қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, қазіргі заманға сай емес, сұранысқа ие болмай қалған пәндер мен тақырыптар біртіндеп бағдарламадан шыып қалуы әбден мүмкін. 

Серіктес жаңалықтары