12.05.2025, 11:50
Қоғам
Енді Қазақстанда жетім балаларға тәрбие бергісі келген адамдар сертификат алуға міндетті
Олар 10 жастан асқан балаларға тәлімгер бола алады
Фото: © freepik.com / prostock-studio
Оқу-ағарту министрлігінің 30 сәуірдегі бұйрығына сай, енді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болғысы келетін азаматтар сертификат алуға міндетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оларға осы салада жұмыс істейтін ұйымдар сертификат береді. Кандидаттар жазбаша өтініш беріп, қажетті құжаттарын тапсырады. Оқу ұзақтығы екі аптадан аспайды. Курсты аяқтаған соң тестілеу өтіп, оны сәтті тапсырған азаматтар сертификат алады.
Айта кетейік, кәмелет жасына толған азамат тәлімгер атана алады. Оларға бұл жұмыс үшін жалақы төленбейді және олар 10 жастан асқан балаларға тәлімгер бола алады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті