$ 510.58  571.8  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2025, 18:00
Қоғам

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

Дүбірлі дода 9 мамыр күні басталады

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді
Фото: «JORYQ» ат спорты фдерациясы

Алматы облысында 9-14 мамыр аралығында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«JORYQ» ат спорты фдерациясының ақпаратынша, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бұл жолғы ұраны бөлек. Жеңістің 80 жылдығына арналған жарыс ата-бабалар рухына тағзым және ерлігіне бас ию.

500 шақырымдық марафон-бәйге үздік жылқы тұқымын анықтайды және шабандоздардың шыдамын шыңдайды. Шет елдерден келетін 7 команда (Ресей, Оңтүстік Африка, Мажарстан, Иран, Қырғызстан және тағы басқа) отандық 13 командамен бірге бақ сынайды.

«Марафон бағыты Қазақстанның көркем және тарихи маңызы зор өңірлерін қамтиды. Атты шабандоздар Алматы – Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен бастау алып, Конаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында мәреге жетеді. Шетелдік қонақтар үшін этноауылдар, фотозоналар және интерактивті алаңдар ұйымдастырылады. Осылайша «Ұлы дала жорығы» тек жарыс алаңы ғана емес, халықтар арасындағы мәдени байланыс пен достықтың және ерліктің алаңына айналды», - делінген хабарламада.

Марафон-бәйге «JORYQ» ат спорты федерациясы, Алматы облысының әкімдігі, Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастырумен және «AMANAT» партиясының қолдауымен өтеді. Бас демеуші –  «Alageum Electric» компаниясы.

Серіктес жаңалықтары