$ 515.03  584.82  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2025, 17:50
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығы – болашақ ұрпаққа аманат болар үлкен идеологиялық оқиға – Канкуров

Қазір Алматы қаласында 22 соғыс ардагері тұрады

Жеңістің 80 жылдығы – болашақ ұрпаққа аманат болар үлкен идеологиялық оқиға – Канкуров
Фото: Станислав Канкуровтың жеке парақшасынан

Алматы қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, «АMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров елордада өткен Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚХА-ның XXXIV сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығының мән-маңызына ерекше тоқталған еді.

«Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа, әсіресе, саясаткерлерге ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясат жүргізудің салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр», – деген болатын мемлекет басшысы.

Канкуровтың пікірінше, бұл сөздер – тарихи жадымызды сақтап, Ұлы Отан соғысының сабақтарын ұмытпауымыз керек екенін тағы бір мәрте еске салады.

«Президентіміз атап өткендей, Жеңісті дәріптеу – батырларымыздың ерлігін құрметтеу ғана емес, сонымен қатар бүгінгі бейбіт өмірдің құнын түсінуге және оны сақтауға деген жауапкершілік. Алматы қаласында қазіргі таңда 22 ҰОС ардагері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 1458 азамат және 6149 тыл майдангері тіркелген. Бұл – ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін жандар. Біз оларды тек мереке күндері емес, күнделікті өмірде де қамқорлыққа алып «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра» сияқты жобалар аясында жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз. Ардагерлердің үйлеріне барып, тұрмыстық көмектен бастап, естеліктерін жинақтап, жастармен кездесу ұйымдастыруға дейін ауқымды жұмыстар жүргізуді жалғыстырып жатырмыз», - дейді Канкуров.

Оның айтуынша, біз үшін ардагерлер – өткеннің тірі шежіресі. Олардың ерлігі мен табандылығы – бүгінгі жастарға үлгі. Сондықтан «АMANAT» партиясы алматылықтардың тарихи жадысын сақтап, ұрпақ сабақтастығын нығайту жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

«Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл тек өткенді еске алу ғана емес, ұлттық бірлік пен тарихи әділеттілікті дәріптейтін, болашақ ұрпаққа аманат болар үлкен идеологиялық оқиға. Бұл бағытта біздің партиямыз әрдайым белсенді болады», - дейді филиал төрағасы.

Серіктес жаңалықтары