Бірақ, баға әлі нақтыланбаған
Астанада келесі жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған LRT-да жол жүру ақысы 100-200 теңге аралығында болуы мүмкін. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, LRT-ның жолақысы нақты қанша болатыны әлі айқындалмаған.
«Жобалық баға 100 теңге мен 200 теңге аралығында, әзірге осы меже қала береді», - деді әкім Сарайшық ауданының тұрғындарымен кездесуінде.
Естеріңізге салайық, елордадағы жерүсті метросы жолаушы тасымалына 2026 жылы кіріседі деп жоспарланып отыр. LRT пойыздары 18 станцияға аялдайды.