$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2025, 11:20
Қоғам

Қазақстанда орман өртін сөндіру станцияларының жартысынан көбі өткен ғасырда салынған: олар апатты күйде тұр

Бірнеше облыста орман өртін сөндіру станцияларының жартысы апатты күйде тұр

Қазақстанда орман өртін сөндіру станцияларының жартысынан көбі өткен ғасырда салынған: олар апатты күйде тұр
Фото: primeminister.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің бірқатар облысында орман мекемелері биылғы өрт маусымына дайын болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпы, осы жылғы 7 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының орман шаруашылықтары және «Семей орманы» резерваты өрт маусымына дайын болмай шықты. Министрлік тексеріс нәтижелері бойынша облыс әкімдіктеріне 15 сәуірге дейін анықталған кемшіліктерді жойып, техника мен жеке құрамды толық жауынгерлік әзірлікке келтіру бойынша талаптар ұсынды», - деді Нысанбаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, әкімдіктердің орман шаруашылықтарына 256 өрт бақылау мұнарасы қажет болса, оның тек 185 бірлігі бар. Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңа мұнаралар салу жағдайы өзгермеген.

Бұған қоса орман өрт сөндiру бекеттерiнiң жай-күйi де көңіл көншітпейді, дейді министр.

«Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында орман өртін сөндіру станцияларының жетіспеушілігі байқалады, ал оның жартысы өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған. Облыстардың жергілікті бюджеттеріне эмиссия үшін төлемдер түскенімен, олар жаңа орман өрт сөндіру станцияларын салуға бағытталмаған», - дейді Нысанбаев.

Серіктес жаңалықтары