15.04.2025, 10:41
Қоғам
Биылғы жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады – министр
Әкімдіктер дала өртінің алдын алуы керек, дейді Нысанбаев
Фото: freepik.com
Синоптиктердің болжамынша, биылғы жаз өткен жылдармен салыстырғанда ыстық болады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидрометтің болжамы бойынша, биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өртінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік дайындыққа келтіруі қажет», - деді Нысанбаев Үкімет отырысында.
Министрдің ақпаратынша, жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4831 га құрайтын 32 орман өрті тіркелген.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды