Нью-Йоркте тікұшақ өзенген құлап, бір отбасы қаза тапты
Қаза тапқандардың саны жалпы 6 адам болды

Құтқарушылар тағы екі адамды судан шығарып үлгеріп, оларды ауруханаға жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, Bell-206L тікұшағында туристер, оның ішінде бір бала болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тікұшақ Манхэттен орталығынан ұшып, шамамен 15 минут әуеде болған. Куәгерлердің айтуынша, апатқа күшті жел себеп болуы мүмкін, дегенмен ресми себеп әлі анықталған жоқ. Тікұшақ өзен жағасына жақын маңға құлаған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Нью-Йорктегі тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 6 адамға жетті. Қайтыс болғандар қатарында ұшқыш пен Испаниядан келген отбасы – екі ересек адам және үш бала бар.
Нью-Йоркте өзенге құлаған тікұшақта Siemens компаниясының Испаниядағы бөлімшесінің президенті Агустин Эскобар әйелі және үш баласымен бірге қаза тапты.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл отбасы сол күні таңертең Барселонадан АҚШ-қа келген.
АҚШ президенті Дональд Трамп қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты., Көлік министрі Шон Даффи мен оның командасы апаттың себептерін жан-жақты зерттеп жатқанын хабарлады.