$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2025, 10:04
Қоғам

Маңғыстауда студент інісін жұмысқа алған шенеунік масқара болды

Ол студент інісін жарты күн жұмысқа алып, бірақ толық жұмыс күнінің жалақысын төлеп отырған

Маңғыстауда студент інісін жұмысқа алған шенеунік масқара болды
Фото: freepik.com

Маңғыстау облысының Қазынашылық департаментінің Мұнайлы аудандық басқармасындағы басшы студент інісін жұмысқа алып, оған толық жұмыс күнінің айлығын төлеп отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бұл басқарманың басшысы әлі университетте оқитын студент інісін төрт сағаттық жұмысқа алған. Алайда, туысы болған соң оған артықшылық беріп, жалақыны 8 сағат жұмыс істегендей төлеген.

«Бұл ретте, туыстық қатынастарға байланысты Басқарма басшысы мен оның орынбасары оның уақытын толық жұмыс күні ретінде (сегіз жұмыс сағаты) есепке алған, нәтижесінде бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуына әкеп соққан. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі негізінде, бұл адам мемлекеттік қызметке кір келтіргені анықталды», - деп хабарлайды прокуратура.

Серіктес жаңалықтары