Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы: күдіктілерді 17 адвокат қорғайтын болды
Бас сот талқылауы 17 сәуірде өтеді

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ашық сотының алғашқы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төрағалық етуші-судья Жанұзақов сотқа қатысушылардың тізімін жариялап, келесі сот талқылауының мерзімін бекітті.
«Нұрымов, Бишенбиева, Қадырова, жәбіреленуші Махметтің заңды өкілі Мұхатбаева сынды жәбірленушілердің заңды өкілі, адвокаты Чекеев, Миязов, Палманов және заң кеңесшісі Ибраев болады», - деді судья Ержан Жанұзақов.
Сотталушылар үстелінде Тоқтаубаев, Тоқтаубаев, Шынасыл, Сәкиев, Ысқақ, Белғожаев, Әскентай, Қалиахмет, Ілиясовтар отыр.
Сот отырысында оларды қорғайтын Жүнісов, Жүнісова, Әбілдаева, Есбергенова, Кемелбекова, Байылхан, Седибасова, Сарманова және 9 адвокат, кәмелетке толмаған сотталушы Ысқақтың заңды өкілдері Отарбаев пен Отарбаева қатысып жатыр.
«Сотталушылардың қылмыстық ісі бойынша бас сот талқылауы Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 17 сәуірде өтеді. Бас сот талқылауы ашық сот талқысында өтеді. Сот өндірісі қазақ тілінде жүргізіледі», - деді судья.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жасалып, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.
Естеріңізге салайық, былтыр қазан айының басында Талғарда төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты. Көп ұзамай қара жамылған отбасының үйі жанып кеткен. Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.