$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2025, 17:51
Қоғам

Қазақстанда 106 адамның жекеменшік ұшағы, тағы 300 адамның өз яхтасы бар

Үкімет байларға арналған бөлек салық енгізуді ұсынды

Қазақстанда 106 адамның жекеменшік ұшағы, тағы 300 адамның өз яхтасы бар
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда 106 адамның жекеменшік ұшағы, тағы 300 адамның өз яхтасы бар. Бүгін Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy тілшісіне экслюзивті комментарий берген ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин осылай деп мәлім етті.

«Жалпы, нақты нені сән-салтанат, асқан байлық деп санауға болады? Ол – яхта, катер, кеме, ұшағы бар адамдар. Қазақстанда 106 адамның жекеменшік ұшағы бар. Одан бөлек тағы 300-ден астам адамның жеке яхтасы бар», - деді ол бізге берген сұхбатында.

Осы ретте, оның айтуынша, егер адамның бүкіл мүлкінің құнын қоса алғандағы сома 450 млн теңгеден асса, салық та көп болады. Бірінші вице-министр атап өткендей, байларға салынатын салықтан бюджетке шамамен 30-40 млрд теңге қосымша кіріс түседі.

Серіктес жаңалықтары