$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мазақ қылып отыр»: танымал блогер Шәріп Серіктің әрекетін қайталаймын деп сынға қалды (ВИДЕО)

Sajol блогер Шәріп Серіктің ісін қайталап, жұрттың наразылығын туғызды

«Мазақ қылып отыр»: танымал блогер Шәріп Серіктің әрекетін қайталаймын деп сынға қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандағы танымал блогер Sajol актер Шәріп Серіктің қоғамда қызу талқыланған видеосын қайталап, әлеуметтік желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз жазбасында отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбына тоқталып, жеке тәжірибесін айтып берген.

«Соңғы жаңалықтар мені таңғалдырды. Көп абьюзер жігіттер сырттан білінбейді екен. Өзімнің күйеуіме көз тимесін отбасылық өміріміздің 5 жылында бір рет болсын қол көтермек түгел, дауыс та көтермейді екен», – деп жазды Sajol өз парақшасында.

Блогердің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көпшілік оны екіжүзді деп айыптап, өткен жылдардағы жанжалдарын есіне салған.

«Өзің де бір рет ажырастың емес пе?! 2023 жылы қайын ағам мен күйеуім ұрды деп шулатқаныңды ұмыттың ба?! Елге күйеуіңді қарабет қылдың ғой. Шәкентиді мазақ қылғандағы түрі ғой» – деген пікірлер желіде көп таралды.

Еске салсақ, актер Шәріп Серік сүйіктісіне қол көтеріп, ол үшін 5 тәулікке қамалды. Қоғамда қызу талқыланған оқиғадан кейін актерге медиакомпаниялар бойкот жариялай бастады.

 

 

Серіктес жаңалықтары