08.04.2025, 17:25
Қоғам
Талғар ауданында әкесінен 5 жыл бойы алимент алмаған ұл аяқ асты үлкен олжаға ие болды
Алимент төлемеген әкесі түрмеден қорқып, ұлына жерін берген
Фото: freepik.com
Алматы облысының Талғар ауданында әкесінен 5 жыл бойы алимент алмаған ұлы енді әкесінің жеріне иелік ететін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іске Талғар ауданының прокуратурасы араласқан соң алименттен қашып жүрген әке түрмеге қамалатын болған. Бұл жазадан сескенген ер адам баласына өз атындағы жерін берген. Оның бес жыл төлемеген алименті 12 млн теңгеге жеткен.
«2024 жылы Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен 176 млн теңге көлемінде алимент төлемеген 43 борышкер сотталды, оның ішінде 6 адам бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық жауапкершіліктен басқа әкімшілік жауапкершілік бар. 194 тұлға осы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды