04.04.2025, 11:00
Қоғам
Депутаттар букмекер мен казино үшін салықты әжептәуір көбейту керек деп санайды
Кейбір азық-түлік өнімдеріне акциз енгізу ұсынылған
Фото: istockphoto.com
Парламент Мәжілісінің депутаттары жаңа Салық кодексіне халықтың өміріне тікелей әсер ететін маңызды түзетулер енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжілісмен, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Салық кодексінің жобасын қарау барысында әріптестері ұсынған бастамалар туралы айтты. Олар:
- құрамында трансмайлар мен энергетикалық сусындар бар өнімдерге акциз енгізу;
- алкоголь мен темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесін кезең-кезеңмен арттыру;
- қаржылық қызметтерге (банк аударымдары, зейнетақы қорының қызметі, төлем карталары бойынша операциялар) ҚҚС салмау, бұл саланың қымбаттауына жол бермейді;
- букмекерлік кеңселерге, казиноларға салықты айтарлықтай көбейту;
- көптеген салық жеңілдіктерін алып тастау;
- саяжайларға салынатын салық мөлшерін төмендету.
«Бұл өзгерістер салық саясатын әлеуметтік әділеттілік қағидатына сай жетілдіруге бағытталған. Бұл түзетулеріміз жұмыс тобының отырыстарында талқыланып жатыр. Нақты шешім әлі қабылданбады. Бастаманың артында әлеуметтік жауапкершілік тұр», - дейді Аймағамбетов.
Тағы қандай қызметтер мен ұйымдарды қосымша құн салығынан босату ұсынылғанын толығырақ мына жерден оқыңыз.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
02.01.2026, 13:59
Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 60 адам эвакуацияланды
02.01.2026, 11:42
Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
02.01.2026, 12:22
5 қаңтарда Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты жарық көреді
02.01.2026, 13:29
2026 жылы Қазақстанға 1,8 мыңнан астам вагон мен локомотив жеткізіледі
02.01.2026, 16:47
Қазақстанда 2026 жылдан бастап балалар лагерлері лицензияланады
02.01.2026, 17:54
Қазақстанда 2,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды