Нұр-Сұлтанда үлескерлер мәселесін шешуге 78 миллиард теңге жұмсалмақ
Алматыда да екі «сақалды» құрылыс бар
Нұр-Сұлтандағы үлескерлер мәселесін шешуге 78 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне сілтеме жасап LS хабарлайды.
Елде аяқталмай қалған тұрғын үй құрылысын жалғастыруға 2018-2020 жылдар аралығында 78,5 млрд теңге қаражат бөлінген. Жалпы, проблемалық нысандар Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан. Оңтүстік мегаполисте екі проблемалы нысан болса, елордада 42-сі бар. Олардың 60%-ы үлескерлік құрылысқа жатады.
Сонымен бірге, Нұр-Сұлтандағы 32 нысанды «Елорда Құрылыс» компаниясы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы көмегімен, 10 жоба жеке инвесторлар мен үлескерлердің өз күштерімен аяқталады деп жоспарланған.
Алматылық нысандарға келетін болсақ, біріншісі бойынша сот жүріп жатыр, екіншісі бойынша үлескерлер жалпы жиналыс өткен.
«Үлескерлерге аяқталмаған құрылысты, жер учаскелерін сатып алу және жаңа құрылыс салушыға меншік құқығын тіркеу туралы хабарланды», - деп түйіндеді МИИР.
Еске салсақ, 2019 жылы елордада проблемалық нысандарға 20 миллиард теңге жұмсау жоспарланған болатын.