$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жаңа мың теңгелік купюра айналымға шығады

Ол 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік ұлттық валюта банкноталардың орнын басады

Қазақстанда жаңа мың теңгелік купюра айналымға шығады
Фото: nationalbank

Ертең Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа дизайндағы номиналы 1 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қазақы ою-өрнектің түп негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

Осымен «Сақ стилі» сериясымен төртінші рет шығып жатыр. Банкноталардың түсі – қоңыр және ашық қоңыр.

Банкнотаның бет жағында:

– көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы;

– ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;

– төс айыл элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символы ретінде артефакт;

Банкнотаның артқы жағында:

– ою-өрнекпен стильденген қалқан фонында Төбет пен Тазы тұқымдас иттер;

– дөңгелек қазақ халқының ою-өрнегі, «қалқан» бейнесі – құндылықтарды қорғау нышаны, ежелгі символ – төрт тарап, ортасындағы күн белгісі – жасампаздық энергиясы мен өмір нышаны бейнеленген.

Банкноталар 2025 жылдың екінші жартысында  жаппай қолданысқа  беріле бастайды. Ескі банкнотамен 2 жыл бойы ауыстырылады.

Серіктес жаңалықтары